Суббота, 14 Октябрь 2017 03:44

14.10.2017 ж. Үздік топ Шарын шатқалына саяхатқа барып, туған өлке тарихынан қызықты мәліметтер алды.

2016-2017 оқу жылында «Ең үздік топ»байқауы жыл бойында өтті. Бұл байқаудың бағалау жүйесі студенттік өмірдің барлық салаларын қамтыды. Бұл  кешенді және жауапты жұмысты  «Ұлағат » студенттік бірлесе басқару комитеті  өз бақылауында ұстады.  Жыл қорытындысы бойынша МЭН -22 тобы  жеңімпаз атанды. Колледж әкімшілігі  үздік топқа Шарын шатқалына саяхатты сыйға тартты.