Понедельник, 20 Февраль 2017 03:28

18.02.17. күні Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің қабырғасында Әуезов ауданының әкімі Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы аудан тұрғындарына есеп беру жиналысын өткізді.

18.02.17. күні Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің қабырғасында Әуезов ауданының әкімі Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы аудан тұрғындарына есеп беру жиналысын өткізді. Жиналысқа Әуезов аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нағашбеков Айдар Мекембайұлы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Хасенов Махамбет Қабдулқайырұлы қатысты. 
Кездесу барысында, Алтай Рақымбетов тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және білім беру салалары бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде тыңдаушылар назарына толық мағлұмат берді.