Четверг, 22 Декабрь 2016 11:10

22.12.16 МЭН-22 тобы «Құқық бұзушылық және оның алдын- алу жолдары» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Бүгінгі іс-шарада жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғалды.

Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және оның алдын- алу жолдары»

Мақсаты : 

Білімділік : Қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру

Дамытушылық : Оқушыларға қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын ұғындыру

Тәрбиелілік : Салауаттылыққа  тәрбиелеп, өз әрекеттерін баға бере білуге баулу.