Среда, 21 Декабрь 2016 12:09

21.12.2016 сағ 13.00. колледжіміздің мәжіліс залында «Энергетиктер» күніне арналған кәсіби мерекелік іс шара өтті.

Кәсіби мерекенің қонақтары:

Рахимжанов  Мурат Кусманович-ДО СOLTD компаниясының бас инженері

Сабикенова Жанар Абаевна-АҚ АлЭС адами құндылықтарды дайындау қызметкерлер ресурсының бөлім басшысы

Ким Владимир Владиславович-ТОО «Элкос» компаниясының директоры

Устенов Багдаулет Нагыметбекович- АҚ АЛЭС даму басқармасының басшы орынбасары

Мусатаев Ергали Амангельдиевич- ТМД еңбек сіңірген энергетигі, Алматы облысының МЭС КЕГОК РДЦ филиалының бастығы,бас инженердің орынбасары

 

Меркелік іс шараның бағдарламасы бойынша білім алушылардың шығармашылығынан туған көнеден қалған шамдардың көрмесін АО Кегоктан келген қонағымыз өзінің тілегін білдіре отырып көрмені ашып берді. Сонымен қатар қонақтарға білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығынан туған макеттер ұсынылды. Макеттер арқылы  білім алушылар өздерінің бүгінгі күнге дейін игерген тәжірибелік-теориялық білімдерін көрсете білді. Ғылыми техникалық шығармашылықтарын көрсете отыра колледждің білім алушылары жыл сайын «Туран-Үміті» байқауында жүлделі орындарға ие болып жүр.

Мерекелік іс шараның үшінші бөлімі ол концерттік бағдарлама. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай электро-энергетикалық пәндер бірлестігінің оқытушылары мен білім алушылардың дайындаған энергетика  саласындағы тарихи көзқарастарды көрсете отыра  керемет мерекелік іс шара өткізілді. Әлеуметтік серіктестіктер тарапынан колледж әкімшілігі мен ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, өз ілтипаттарын білдірді.