Четверг, 10 Ноябрь 2016 12:30

10.11.16ж Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде «Қазақстанның индустустриялы және инновациялы даму барысындағы жастардың ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелді ұйымдастырып өткізген радиотехника бөлімінің студенттері болды. Сабақ өткізу барысында қазіргі еліміздің индустриялы-инновациялық дамуы туралы және ондағы жастардың жасап жатқан жобалары мен ойлары туралы ой қозғалды. Осы өткізілген шараның мақсаты студенттердің ғылыми-шығармашылық ойларын дамыту және еліміздің индустриялы-инновациялық дамуына болашақта өз үлестерін қосу.