Четверг, 20 Октябрь 2016 03:12

Колледжімізде отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы 2016 жылы 19 қазанында «Бақытты отбасы-баянды ғұмыр кепілі » атты тәрбиелік іс-шара өтті.

     Колледжімізде отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 2016 жылы 19 қазанында «Бақытты отбасы-баянды ғұмыр кепілі » атты тәрбиелік іс-шара өтті.

     Іс-шараға еліміздің танымал  «МузАрт»  тобының әншісі Кенжебек Жанабилов келіп  өз отбасы туралы, отбасы құндылықтары мен  ата-ананың қадір қасиеттері жайында әңгіме өрбітті.

     Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиесі мол, әсерлі де тартымды кеш болды.