Четверг, 20 Октябрь 2016 02:51

Қыркүйек айы мен қазан айлары аралығында колледжімізде «Тілдер мерекесі айлығы» өтуде.

Тілдер мерекесі айлығына тіл және әдебиет пән бірлестігі мұғалімдері жауапты болуына бйланысты жоспар  бойынша  2016 жылы 18 қазанда жатақханамыздың мәжіліс залында «Шаңырағым-шаттығым» атты фестиваль өтті. Фестивальді ұйымдастыруға  жауапты  болған оқытушылар Нурпеисова Р.М., Кусаинова З.К  «Шаңырағым-шаттығым» фестиваліне РР-10,ЭЭС-10,ЭЭС-13,МЭН-12,ЭСН-10,РР-21 топтарының студенттері белсене қатысты.Фестивальға дейінгі аралықта колледжімізде  «Шаңырағым-шаттығым»  фото-байқауы өткен болатын. Оған да көптеген топтың студенттері қатысып жүлделі орындарға ие болды. «Шаңырағым-шаттығым» аясында өткен фестиваль қазақ,орыс және ағылшын тілінде жүргізілді. Әр жүргізуші өзінің тілге деген шеберлігін көрсете білді. Студенттер гитарамен, домбырамен электр гитарасымен әндер шырқап, би билеп, танымал ақындардың өлеңдерін оқып, залдағы көрермендермен тікелей байланыс жасай отырып, отбасы жайлы үш тілде мақал-мәтелдер айтып, отбасы жайлы  көрген  кинофильмдерінен алған әсерлерімен бөлісіп, жанұяларындағы ерекше дәстүрлері жайлы бөлісті. Кеш соңында  отбасы жайлы әр көрерменге Рене Жильдің әдісі бойынша  психологиялық  кескін таратылды.  «Адамды бағалау үшін ол адам сізге бір әсер қалдыру керек »,- деп  Б.Момышұлы айтқандай кешегі өткен кешімізден көрермендердің  өздеріне алар әсері мол деп ойлаймыз.

«Шаңырағым-шаттығым» фестивалінің  жүргізушілері.

ЭЭС-13  тобының студенті  Соловьев  Кирилл- орыс тілінде,ЭЭС-13 тобының студенті Юсупов Алишер- ағылшын тілінде  және  ЭСН-10 тобының студенті  Алмуханбет Али қазақ тілінде.

«Шаңырағым-шаттығым» фестивалінен көрініс.

МЭН-12 тобының студенті Исмуратова Алисаның орындауында  «Қазақ биі»

ЭЭС-13 тобының студенттері Гончаров Кирилл мен Мун Георгийдің

орындауында «Animal I have become» ағылшын әні.

ЭЭС-10 тобының студенті Жарқынұлы Нұрғисаның орындауында «Түрікмен» күйі.

 

РР-10 тобының студенті Венераның орындауында М.Мақатаевтың «Өмір дастан» өлеңі

«Шаңырағым-шаттығым»  фестивалінің көрермендері мен қонақтары.

«Шаңырағым-шаттығым» фото-байқау.

«Шаңырағым-шаттығым» фестивалінен естелік сурет.