Понедельник, 10 Октябрь 2016 03:54

7 қазан күні колледжішілік жайдарман ойындарының 2016/17 жылғы "Маусымашар" фестивалінің тұсауы кесілді.

Бұл маусымашарға тек 10 команда қатысуға мүмкіндік алды. Кейбір тәжірибелі командалар да маусымашарда өнер көрсетпей, бірден 1/8 финалдық ойынына жолдама алды. Бұл күні маусымашармен қоса "Директор кубогы" атты 1 күндік 1 курстар арасында сайыс өтті. Сол сайыста үздік болып, "Директор кубогін" иеленген ЭЭС-16 тобының "Мәдениетті бұзықтар" жайдарман тобын шын жүректен құттықтай отыра, алдағы колледжішілік жайдарман чемпионаттарында сәттілік тілейміз. Сонымен қатар, бұл сайысқа түспеген, бірақ маусымашар фестиваліне қонақ ретінде келіп, ойын сәнін келтірген тәжірибелі командаларда болды. Солардың бірі былтырғы жылғы жартылай финалисттер - "Есте сақта" жайдарман тобына, және былтырғы жылғы вице чемпиондар - "Ойы Бай" жайдарман тобына, былтырғы "Тіпті керемет" жаңа маусымдағы атауы - "ЭнерG" құрамасы мен сол маусымның, яғни 2016 жылғы колледжішілік жайдарман ойындарының чемпиондары - "ҚҰПиЯ" жайдарман топтарына алғысымызды білдіреміз.