Пятница, 07 Октябрь 2016 03:55

5 қазан күні колледжде студенттер кеңесі Президентін сайлау болып өтті.

5 қазан күні колледжде студенттер кеңесі Президентін сайлау болып өтті. Президенттікке 6 кандидат өтініш білдірген болатын. Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын уақытылы жүргізді және 3 қазан күні акт залда өздерінің бағдарламаларын қорғап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Сайлау нәтижесінде Оспанов Динмухаммет - 170 дауыс, Тұрар Жақұт - 106 дауыс, Көбеген Диана - 185, Қамбар Даурен - 54 дауыс, Пралиев Қуаныш - 106 дауыс жинады. Ал 266 дауыс жинаған Құрманәлі Жұлдыз Президент болып табылды. Призедентімізді құттықтаймыз!