Понедельник, 03 Октябрь 2016 09:28

01.10.2016жылы  Алматы қаласы Оқушылар сарайында техникалық және кәсіби білім беру қызметкерлерінің күні  салтанатты түрде аталып өтті.

        Аталмыш   іс-шарада сала ардагерлері мен үздіктері марапатталды.  Дүбірлі жиында колледжіміздің аты бірнеше рет аталып, марапатқа ие болды. Колледжіміздің басшысы - Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы,  сала басшыларының жасырын дауыс беруі арқылы  анықталған, үздік  басшы  деп танылып , «Көшбасшы» медалімен марапатталды.

      Астана қаласында  кәсіптік техникалық оқу орындары  білімгерлері арасында жұмысшы мамандықтары бойынша өткен Worldskills Kazakhstan байқауында , жүлделі 1-ші орынды иеленген  колледжіміздің білімгері Орынбай Саламат пен  осы сайысықа дайындаған  колледжіміздің оқытушысы  Садақбаев Бектөре  мәртебелі жиында аталып өтті.