Пятница, 16 Сентябрь 2016 05:24

15.09.2016ж. Біздің колледжіміздің студенті, Астана қаласында кәсіптік техникалық оқу орындары білімгерлері арасында жұмысшы мамандықтары бойынша өткен Worldskills Kazakhstan байқауында 1-ші орынмен оралды.

2016 жылдың 15 қыркүйегінде, Астана қаласында  кәсіптік техникалық оқу орындары  білімгерлері арасында жұмысшы мамандықтары бойынша  өткен Worldskills Kazakhstan байқауында, колледжіміздің білімгері Орынбай Саламат  тамаша біліктілігін көрсетіп, жулделі 1-ші орынды иеленді! Жеңімпазымызды дүбірлі сайысқа дайындаған колледжіміздің барлық оқытушыларын құттықтаймыз, соның ішінде  жеңімпаз жетекшісі Садақбаев Бектөрені ерекше атап өткен жөн. Енді Саламат 1-3 желтоқсанда  Cтокгольмда (Швеция) өтетін  Worldskills байқауында Қазақстан Республикасының намысын қорғайды.