«ЖЕБЕ» - МИНИ ТЕАТРЫ

Мақсаты: Студенттерді әртістік өнерге баулу, әр түрлі образға енуге, ойнауға, сахна мәдениетін сақтауға, адам тағдырын оқу, білу, түсіну, саның кейіпіне кіруге баулу

       

«Жебе» - театрінің ең бірінші сахналық қойылымы Сабира Мұхамеджанова рухына арналған «Желтоқсан жаңғырығы - жадымызда» тақырыбында қойылым дайындап,студенттер өз өнерін көрсетті.

           Алматы қалалық Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында 2015 жыл 19 қарашада «Жебе» театрының мүшелері «Махамбет» атты үзінді көрініс көрсетті.

        

 

 

2016 жылдың 23 ақпанында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» акциясына қатысты, театрланған көрініспен бастап, флешмоб жасап акция жүргізді.

 

 

 

«Жайдарман», «Ақындар мектебі», «Нота» музыкалық клубының және «Жебе» театр оқушылары бірлесе отырып, «Жорға» атты Алматының 1000 жылдығына арналған музыкалық-театрланған композиция қойды.

 

 

Келесі кезекте «Жебе» театрі 9 мамыр жеңіс күніне байланысты театрланған –музыкалық «Тырналар» атты композиция қойылымы даярлануда.