«МЕЙІРІМ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТОБЫ

  

Мақсаты: Оқушыларды имандылыққа, сабырлыққа, адамгершілікке баулу.«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» - ұранымен сыйластық, достық, сүйіспеншілік, қоршаған адамдарға, табиғатқа жан-жануарларға деген сүйіспеншілік қасиетін ояту.

 

     

      «Ұлағат» жастар ісі жөніндегі комиетінің «Мейірім» қайырымдылық тобының жетекшілері Құрманбай Айтхан мен Бақытұлы Әсеттің бастамасымен «Перзент» жетім балалар үйіне арнайы концерттік бағдарламамен барып, ол жердегі тәрбиеленушілердің көңілдерін көтеріп түрлі ойындар ұйымдастырып, тәрбиелік мәні бар мағыналы кеш өткізді.

    

 

Ал қаңтардың 5-і күні Шыныбек Шыңғыс, Тұлғабай Нұрбол, Қайыпберген Жандос, Жастар Мерей атты студенттеріміз Құнанбаев Қамбар атамыз бен Құнанбаева Гүлбану әжеміздің шаңырағына барып қолғабыс жасап қайтты.