Тәжірибе туралы

 

КОЛЛЕДЖДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

              

     Тәжірибенің барлық түрінен өту оқу үдерісі жоспарына, мамандықтар бойынша оқу жоспарларына, Қазақстан Республикасының мамандытар бойынша жалпыміндетті білім стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған.

     Колледжді оқу тәжірибелерінің келесі түрлері жүргізіледі (мамандықтар бойынша):

  1. Таныстыру (0901000 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары», 0906000 «Жылу электр стансаларының жылуэнергетикалық қондырғылары», 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)», 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»), білім алушылар әлеуметтік серіктестердің кәсіпорындарына баруымен («АЖК» АҚ, «Алматыэнергосервис» ЖШС, «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС, «АлЭС» АҚ)- оқудың І курсы - 36 сағат және 72 сағат.
  2. Дәнекерлеу (0901000 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары», 0906000 «Жылу электр стансаларының жылуэнергетикалық қондырғылары») — оқудың ІІ курсы - 72 сағат;
  3. Электр өлшеу (0901000 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары», 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)») -оқудың ІІ курсы - 72 сағат.
  4.  Слесарлық – механикалық (1310000 «Көліктегі радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану», 0901000 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары», 0906000 «Жылу электр стансаларының жылуэнергетикалық қондырғылары», 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)», 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)») — оқудың ІІ курсы - 72 сағат.
  5. Оқу-өндірістік, кәсіптік мамандықты алу үшін:
       а) 0901000 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары» — электр жабдықтарын жөндеу бойынша ІІІ разрядтыэлектрослесарь– ІІІ оқу курсы — 288 сағат;    б) 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)» — ІІІ разрядтыэлектромонтер— ІІІ оқу курсы - 288 сағат;
        в) 0906000 «Жылу электр стансаларының жылуэнергетикалық қондырғылары» — жылу эректр станаларын жөндеу бойынша ІІ разрядты электрослесарь – ІІІ оқу курсы - 396 сағат;
     г) 1310000 «Көліктегі радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану» —IV разрядтырадиомонтер- ІІІ оқу курсы- 216 сағат;

      Оқу-өндірістік тәжірибелерді өткізу үшін шеберханалар жабдықтарған: слесарлық, электрмонтаждық, жылумонтаждық, радиоөлшеу, дәнекерлеу полигоны, жарықдиодты шамдар мен күн панельдерін өндір цехтары.

      Өндірістік тәжірибе технологиялық және дипломалды болып екіге бөлінеді, және олар базалыө кәсіпорындарда оқу үдерісінің жоспарына сәйкес жүргізіледі. Білім алушыларды тәжірибеге жіберу әлеуметтік серіктестермен қолда бар шарттары негізінде де, кәсіпорындадың жеке сұраныс-хаттары негізінде де жүзеге асады. Өндірістік тәжіриеге жіберу алдында барлық топтардың білім алушыларымен жиналыстар өткізіледі, онда бөлім меңгерушілері, ПЦК төрайымдары оқушыарды тәжірибенің мақсаты және міндеттерімен таныстырады, сондай-ақөндірістік тәжірибеден өту барысында еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша кіріспе анықтама беріледі. Колледжден тәжірибе жетекшілері тағайындалады. 

 Мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибеден өту базалары:

  1. Мамандық — 0901000 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары» — «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Алматыэнергосервис» ЖШС, СП «Белкамит» АҚ, «М&N — Строй» ЖШС, «АКО — GROUP» ЖШС, ДГКП «Тоспа Су» МКК«Холдинг Алматы Су» -IV оқу курсы;
  2. Мамандық — 0906000 «Жылу электр стансаларының жылуэнергетикалық қондырғылары» — «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Алматинские тепловые сети» ЖШС–IV оқу курсы;
  3. мамандық – 1310000 «Көліктегі радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану» —«Мастер интернета» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ, «Корпорация «Сайман» ЖШС, «АЖК» АҚ, «Алматыэнергосервис» ЖШС–IV оқу курсы.