Миссиясы, мақсаткерлігі, міндеті

Алматы мемлекеттік энергетика және электоронды технологиялар коллдеджінің мақсаткерлігі – білім беру мен ағартушылық қызметтерін жүзеге асыру, сонымен қатар бүгінде маңызды орын алатын жаңашылдық функцияларды дамыту. Мемлекеттің зиятткерлік элитасын қалыптастыру, болашақ мамандардың шығармашылық деңгейін дамыту, мемлекетке лайықты азамат тәрбиелеу, жас ұрпаққа кәсіби білім беру және де қазіргі заманға сай әлеуметтік құндылықтарды еркін бағдарлауға ұмтылдыру.

Негізгі мақсаты: оқу және тәрбие үрдісін жетілдіру үшін оқытушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру, оқытудың жаңа технологиясын пайдалану, сапа менеджмент жүйесін жалғастыру, еңбек нарығында бәсекеге жарамды, өз мамандығын әлемдік стандарт деңгейінде меңгерген білікті мамандар даярлау.

Міндеті:

  • білім басқармасының ұсыныстары мен бұйрықтары, нормативтік құжаттары, ҚР Үкіметінің басқа да шешімдерін және «Білім беру» туралы заңын зерделеуді іске асыру;
  • колледжде жетістікке жетуде және педагогикалық үрдісті дамытуда мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай болу;
  • көп аспектілі оқу тәрбиелік қызметтің тұтастығын қамтамасыз ету;
  • «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы негізгі фактор – жаңа технологиялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу » жалпы әдістемелік тақырыбында колледждің ұжымдық - шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;
  • ҚР еңбек нарығы, экономиканың даму сұраныстарын есепке ала отырып, орта буын мамандарын даярлауды қазіргі заманға сай сапамен қамтамасыз ету;
  • білім беру және тәрбие үрдістерін қажетті оқу - әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз ету;
  • жана заман талабына сай оқу әдістемелік кешен, оқулықтар мен бағдарлама авторларының шығармашылық тобын құру;
  • оқытушылардың өз білімдерін жетілдіру жүйесін дамыту;
  • педагогикалық тәлімгерлік жүйесінің жұмысын арттыру;
  • оқу – тәрбие үрдісін жақсарту үшін өзін – өзі басқару жүйесін дамыту арқылы студенттерді тарту;
  • ПЦК, оқытушылардың қызметтерін бағалауда рейтинг жүйесін жетілдіру;
  • мониторинг жүйесі арқылы орта буын мамандарын даярлаудың сапасын бағалау;
  • колледждің материалды – техникалық, әлеуметтік – тұрмыстық, ақпараттық және т.б.инфрақұрылымын дамыту.