0901000 - ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ МЕН ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ (түрлеріне қарай)

Біліктілігі: 0901043 -«Техник – электрик»

Колледждің түлегі «техник – электрик» инженерлік техникалық қызметтерде, қосалқы станцияларда электр беру және тарату желілерінде, РЭС-те, электр-транспорт жабдықтарында, т.б. жұмыстарында қызмет жасай алады.

Оқу мерзімі: күндізгі оқу бөлімі (негізгі жалпы білім негізінде) - 3 жыл 10 ай;

күндізгі, сырттай оқу бөлімі (жалпы орта білім негізінде) -2 жыл 10 ай.

    Колледжді аяқтаған соң техник-электрик, шебер, кезек басшысы қызметтерін атқара алады.

     Техник-электриктік кәсіби қызмет нысандары:
     - энергетика жүйелерінің электрлік қосалқы стансалары;
     - релелік қорғау, бақылау-өлшеу аспаптары, электр энергия құрылғылары;
     - жоғары кернеулі зертханалар;
     - түрлі нысандарды электрмен қамтамасыз ету;

Кәсіби қызмет түрлері:
     - монтаждық сызбалар мен элеткр жабдықтарын өндіру бойынша жұмыстарды атқару;
     - электртаратудың кабельдік желілерін,тарату құрылғыларын, релелік қорғау мен автоматика, қайталамалы байланыс  аппаратураларын жөндеу.