Оқытушылар

Оқытушылық құрам барлығы 136 адамнан  тұрады, оның ішінде:

Өндірістік оқу шеберлері - 9 адам.

Шетен қоса қызмет атқарушы оқытушылар - 7 адам.

Оқытушылар:

Жоғары санатты- 45 адам.

Бірінші санатты - 16 адам.

Екінші санатты - 28 адам.

Санатсыз - 31 адам.

      Колледжде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің республикалық әдістемелік бірлестігі қызмет етеді. Колледждің оқу үдерісінің оқу-әдістемелік қамсыздануы өндірісте де, оқу орнында да бай тәжірибесі бар ғылым кандидаттарынан, ғылым магистрлерінен, PhD докторларынан тұратын педагогтар мен мамандар ұжымының талаптарына сәйкес.Колледж оқытушылар жалы білімдік жән әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша 42 үлгілік бағдарлама жасаған.

             

                 Бүгінгі таңда колледжде 2251 студент білім алуда.  Колледж  энергетика саласына маман дайындау бойынша білім беру нарығында 50 жылдан астам тәжірибеге ие. Колледжге бәсекелес - энергетика бағыты бойынша мамандар дайындайтын «Қарағанды полтиехникалық колледжі» МКҚК, «Өскемен политехникалық колледжі» МКҚК. Дегенмен, колледждің артықшылықтары: ірі әрі танымал әлеуметтік серіктестер; мемлекеттік тапсырыстың көлемі; оқу орнында аймақтың ірі жұмыс берушілерінің қатысуымен қамқыоршылық кеңесі құрылған; халықаралық байланыстар дамыған; көрсетілген мамандық бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру пайызының жоғарылығы; мамандарды жұмыс беруші есебінен оқыту; жақсы материалдық-техникалық база.  

             Кадрлық әлеуетке ерекше талаптар қойылады. Колледжде білікті педагог мамандарды шоғырландыру студенттерді көкейкесті сапалы біліммен қамтамасыз ету, білім нарығында колледж позициясын бекітуге мүмкіндік береді.Сондықтан оқытушы кадрлардың сандық және сапалық талдауы және оны жақсарту жұмыстары колледж басшылығы назарының басты нысаны болып табылады.Оқытушыларға деген қажеттілік және оларға қойылатын талаптар даму стратегиясы, біліктілік талаптары және студентер контингентіне негізделіп анықталады. Педагог қызметкерлерді таңдау үдерісіне: қызметкерлерге қойылатын талаптар, бос орындарға үміткерлерді іздеу және іріктеу, жаңа қызметкерлер шін сынақтар жүргізу, қызметкерлердік біліктілігін үнемі көтеру, қызметкерлер арасында алынған тәжірибені тарату кіреді.

              Бүгінгі таңда коллеждегі барлық қызметкерлер саны – 204 адам, оның ішінде педагог қызметкерлер –136 адам. Ғылыми атағы бар – 5 адам (3 phdдокторы, 2 ғылым кандидаты), оқытушылардың 58% жоғары және бірінші біліктілік деңгейі бар. Соңғы 3 жылда шетел оу орындарында біліктілікті көтеру курстарынан25 адам өтті (АҚШ, Англия, Франция, Алмания, Финляндия, Турция, Беларусия, Чехия, Болгария, Сингапур, Малайзияда). Ағымдағы жылдың қыркүйегінде 6 арнайы пән оқытушыларының Венгрия – Словения – Австрия – Алманияда біліктілікті көтеруі жоспарлануда, қазанда – 1 адам Англияда, 3 – Жапонияда. Тек осы оқу жылында 44 оқытушы және өндірістік оқу шеберлері өз елімізде өнеркәсіпте өтілден және біліктілікті көтеру курстарынан өтті. ОҚ жалпы санынан штаттағы жоғары және бірінші біліктілік деңгейлі оқытушылар, PhDдокторлары, ғылым кандидаттары мен магистрлер үлесі 58,2%. (71 адам).Ұжымда келесі атақ иелері бар: «Білім беру үздігі» - 7; «Қаз КСР еңбек сіңірген жаттықтырушы»-1;  «Білім беру ісінің құрметті қызметкерлі»- 1, 1 оқытушы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 4 оқытушы ҚР БҒМ Алғыс хаттарымен мараптталған. «Ең үздік арнайы пән оқытушысы»  – 1, «КСРО азаматтық қорғаныс үздігі»-1, Медаль «Ерен еңбегі үшін»-1.