Колледж туралы

           Алматы мемлекеттік энерегтика және элеутронды технологиялар колледжі Қазақстан Республикасы энергетика саласында техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші оқу орны болып табылады. 50 жыл бойы жоғары білікті мамандарды даярлау мен қайта даярлауда халыққа білімдік қызметін көрсетіп келеді.

        Жарты ғасырда колледж энергетика саласына 15 мыңнан астам орта буын маманын даярлады.

        «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру жағдайында колледж білім беруді жетілдіруді, инновациялық технологияларды енгізуді, ғылым мен тәжірибе интеграциясын, білім берудің бәсекелестігін, оқу үдерісін жетілдіруді маңызды міндет деп есептейді. Дайындық 9 мамандық бойынша жүргізіледі.

          Жыл сайын оқу орнының материалдық базасы жергілікті бюджет есебінен толықтырылады. Колледжде 52 оқу кабинеті, 15 зертхана, 7 оқу-өндірістік шеберханасы бар. Педагогтар мен студенттер қалалық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары, колледж - көптеген халықаралық жобаға қатысушы.

 

 

        Колледж ғимараты 1964 жылы салынған, Алматы қаласы бойынша коммуналдық меншік департаментінің меншігі болып табылады. Ғимараттың жалпы көлемі  10385,8 шаршы метр, өндірістік қуаттылығы 1900 орын. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу бір-бірімен жалғасқан 3 оқу ғимараттарында жүргізіледі.

Бүгінгі таңда колледж ҚР ТжКБ жетекші оқу орны болып табылады. Мұнда еңбек нарығын және аймақтың даму перспективаларын ескере отырып, энергетика саласының жоғары білікті мамандарын даярлау жүргізіледі.

 

   Колледж келесі жобалардың қатысушысы:

            Қазақстан Республикасында ТжКБ жүйесін дамыту бойынша «Кәсіптік-техникалық білім берудің даму жолы: НПИ тәжірибесі» (ҚР БҒМ, «Кәсіпқор» Холдингі және NanyangPolytechnicInternationalPteLtd (Нанянг Политехник Интернешнл) Сингапур) бірлескен жобасы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Түркия Қоғамдасу және Үйлестіру бойынша агенттігі (TIKA) және Халықаралық Қоғамдасу бойынша Жапониялық агенттік (JIKA) «Кәсіптік-техникалық білім, Оқытушылар үшін тренинг» бірлескен бағдарламасы .
  • «Орта Азияда өмір бойы білім алу үшін кәсіптік оқу орындарын дамыту» Еуропа білім қорының бағдарламасы

         Колледждің бұқаралық, спорттық өмірі қызықты өтуде. Колледж студенттері қалалық пәндік олимпиада, колледжаралық спартакиада, шығармашылық өнерпаздық конкурстарында, КТК ойындарында жеңімпаз болып табылды.

       Тәрбие жұмысында «Гүлдер», «Ұлытау» сияқты шығармашылық ұжымдармен, М.Шаханов, И.Сапарбай секілді ақындармен кездесу маңызды рөл атқарады. Балалар поэзия сүйгіштер клубына, КТК ойындарына ынтызарлықпен қатысады. Сондай-ақ, колледже «Өнер» вокал үйірмесі, спорт секциялары, «Шікркін-ай» КТК командасы белсенді жұмыс істеуде.

     Колледж ұжымында салауатты өмір салтын енгізуде, студенттер мен қызметкерлер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жақсартуға үлкен көңіл бөлінеді. Ол үшін барлық жағдай жасалған: спорт және жаттығу залдары, сондай-ақ жасанды жабынды футбол алаңы, жүгіру жолдары, теннис залы бар. Колледждің құрама командалары республикалық, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары болып табылады.