Пятница, 20 Октябрь 2017 03:42

2017 жылдың 20 қазанында сағат 9.00-де Электромеханикалық колледжінің базасында колледждердегі ұлты европалық студенттері арасында «ТІЛ - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты мемлекеттік тілді насихаттау мақсатындағы қалалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:  ұлты европалық  студенттер арасында мемлекеттік тілді насихаттау;  Ел Президен­тінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламасы,  «Мәңгілік ел» идеясына  орай студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу. Студенттердің  ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру; Толеранттылыққа тәрбиелеу,  тілдік мәдениет деңгейлерін арттыру.

Осы байқауда колледжіміздің ЭЭС-102 тобының студенті Савиных Григорий  жүлделі 1-ші орынды иеленді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы Кайканова Н.М.

Келешекте жоғары жетістіктер тілейміз! Жеңісіңмен құттықтаймыз!