Четверг, 12 Октябрь 2017 12:42

12.10.2017ж. күні арнайы пән оқытушылары Ақылбаева Г. және Досымбекова Б. ұйымдастыруымен «Жас келсе, іске» тақырыбында жас мамандарға арналған оқып-үйрету семинары өтті.

Семинардың мақсаты: жас маманға қазіргі кәсіптік және техникалық білім беру жағдайындағы психология, педагогика және оқытуды ұйымдастыру әдістемесі негіздерінен түсінік беру, кәсіптік шеберлігін, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Семинарға 15 жас маман қатысты. Семинар қызықты өтіп, жас мамандар әдістемелік көмек алды.