Білім беру, қазіргі таңда, инновациялық экономиканың дамуын қамтамасыз етудің, дамыған елдердің өз геосаяси позицияларын нығайту үшін ұлғайтылатын маңызды факторы болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз етуде, мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту және әлемдік қауымдастықта өз орнын ныңғайтуда білім берудің рөлі ұдайы өсуде.

      Бұл қоғамның зияткерлік әлеуетін жинақтаудағы білім берудің ерекше рөлімен байланысты, ол бүгінде және болашақта «білім қоғамына» көшу жағдайында басты байлық, экономикалық және әлеуметтік үдерістің басты қозғаушы күші болып табылады. «Бәсекеге қабілетті білім беру жүйесінсіз бәсекеге қабілетті экономика болуы мүмкін емес» деген шешімге келуге болады. Білім беру жүйесінің деңгейі ауыспалы әлемнің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

     Қазақстан Республикасында отандық білім беру жүйесін сәтті жаңғырту үшін барлық жағдай жасалған. Ең алдымен бұл – алдыңғы қатарлы мемлекеттердің деңгейіне жету үшін отандық білім беру жүйесін жаұқсартуға, студенттер мен оқытушылардың жағдайын жақсартуға бағытталған ел Президентінің және Үкіметінің саясаты. «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжді» МКҚК білім беру қызметтерінің сапасын көтеру бойынша қызметтері маңызды тұсы болып табылады.

   2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев «Алдағы жылдар жаһандық сынақ уақыты болмақ. Бүкіл әлемнің сәулеті өзгереді. Бұл қиын кезеңнен лайықты өту барлық мемлекеттер өте алмайды. Ол тек мықты мемлекет, біртұтас халықтың ғана қолынан келеді» деп атап айтты. Экономикалық дағдарыс жағдайында, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық саясаттың қайта бейімделуі жүреді. Экономика мен жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне аса мультипликативтік ісер ететін салаларға қолдау көрсету керек. Мұндай саясатты жүргізу үшін басты бағыт ретінде республикадағы білімнің дамуын қамтамасыз ету қажет.

    Бүгінде мәселе күрделене түскен: колледж түлегі өз кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында және тұрақты таңдау жағдайында күн көруіне қажетті тәжірибеге бағытталған білімді алуға мүдделі. Жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен түлектердің жеке қызметтегі қабілеттері арасында туындаған қайшылықтары жоюда білікті тәсілдмеге негізделген кәсіптік және техникалық білім берудің жаңа әдістері іске қосылды. Осыған орай кәсіптік білім білім берудің дәстүрлі логикасын өзгеруі міндетті: теориядан тәжірибеге емес, жаңа тәжірибені қалыптастырудан алынған білім арқылы теоретикалық ұғынуға. Бұл шаралар жаңа және анағұрлым кең мүдделі, жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын білімді және білікті мамандарды қажет етеді.

    Қазіргі таңда еңбек нарығыда Бірыңғай тарифтік-біліктілікті анықтамалық (БТБА) заманауи технологиялар мен техникаға, мамандықтарға еңбек нарығы ұсынатын заманауи талаптарға сәйкес емес. Бұл мәселенің шешімі Қазақстан Республикасында кәсіпітік стандарттарды қабылдағанда табылады. Қазақста Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілгендей: кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты бір саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт. Соңғы жылдарда ТжКБ жүйесін деңгейлеп қайта құру жүргізілуде, Еуропалық одақ тәжірибесі негізінде Ұлттық біліктілік жүйесі әзірленіп, енгізілді.

    Қазір Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдіруге бағытталған ұлттық білім беру моделі құрылуда, ол Қазақстан Республикасына әлемдің білім кеңістігіне енуге мүмкіндік береді.

   Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанда «Техникалық және кәсіптік білімді жетілдіру» жобасы іске қосылды. «Институционалды даму жоспары» 3.3 компонентін қаржыландыру Әлемдік банк қарызы есебінен қарастырылған. Бұл компонент ТжКБ мекемелерінің әлеуетін жоғарылату үшін, сондай-ақ мүдделілікке негізделген білім беруді дамыту мен іске асыруға бағытталған.

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК арасында 2013 жылдың 21 қарашасында 0901000-Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығын дамыту міндеттері мен стратегиялық мақсаттарына жету үшін под-гранттан бөлінген қаражатты іске асыруда келісім жасалды.

    2014 ж. Бүкіләлемдік банк Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің жобаны бір жылға ұзарту (2015 ж.) туралы шешімін қолдады. Жобаны ұзарту мақсаты – студенттердің өндірістік оқуын жүргізу үшін база құру және білім бері үдерісіне кәсіптік стандарттарды енгізу, жұмыс берушілер мен заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін Ресурстық (оқу) орталығын құру арқылы колледжді ары қарай дамыту. «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК Алматы қ. және Алматы облысы үміткерлері арасында «Техникалық және кәсіптік білімді жетілдіру» жобасы бойынша конкурстық іріктеуден өтті. Колледжге 0901000-Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша институционалды даму жоспарын іске асыруға қосымша под-грант тағайындалды. Институционалды даму жоспары (ИДЖ–2015) мамандық аясындағы біліктілік деңгейі, ИДЖ–2013 аясында әзірленген модульдік бағдарламаларға сатып алынған оқу матриалдары мен жабдықтарының сәйкестілігі, мамандықтың Қазақстан бойынша таралу деңгейі, әлеуметтік серіктестермен әрекеттесу деңгейі, қоса қаржыландыру сомасы сияқты критерийлер бойынша жүргізілді. 2015 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және колледж арасында 0901000-Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығын дамытудыңстратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшінбөлінген под-грант қаржысын іске асыру бойынша № 06-PMU Келісіміне қол қойылды. «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК басшылығы 2011-2015 жылдарға стратегиялық даму жоспарын әзірледі. Негізгі бағыттар анықталды: білім беру сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, жас мамандарды даярлау үшін жағдайлар жасау, оқу-тәрбие үдерісін басқару нәтижелілігін көтеру. Колледжде Қазақстан Рсепубликасы Білім және ғылым министрлігінің Жобаны басқару тобы мақұлдаған мамандықты институционалды дамыту жоспары әзірленді. «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК оқу үдерісін жетілдіруге ұмтылуы «Қазақстан-2050» Стратегиясына және Қазақстан Республикасының 2011–2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен Жаһандық энергоэкологиялық стратегия бойынша бастамаларын іске асыруға сәйкес техникалық және кәсіптік білім құрылымының едәуір жаңарғанына байланысты.

    Энергетика саласына инновациялық жабдықтар мен технологияларды ендіру жылдамдығы шығармашылық ерекшелігі бар, өз шығармашылық әлеуетін кәсіптік қызметінде пайдалануға дайын білікті техник-электриктерді даярлауды қажет етеді.