2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі ахуал бойынша колледжде ИДЖ мамандығы бойынша 29 ИПҚ жұмыс істейді, оның ішінде 19 оқытушы, 2 шеттен қоса қызмет атқарушы, 10 өндірістік оқу шебері. ИДЖ-2015 мамандығы бойынша колледждің инженер-педагог қызметкерлерінің құрамы қосымшада көрсетілген.

 

          ИДЖ мамандығы бойынша жоғары және бірінші біліктілік деңгейі бар оқытушылар мен өндірістік-оқу шеберлерінің үлесі 20,6% (6 адам), санатсыз – 51 % (15 оқытушы мен өндірістік оқу шебері). ИДЖ мамандығы бойынша жұмыс істейтін 7 ИПҚ (29 %) ғылыми дәрежесі бар, 37,9% ИПҚ жоғары білімді (11 ИПҚ), 37,9% ИПҚ ортадан кейінгі білімді (11 оқытушы мен өндірістік оқу шебері). 0901000-Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары» ИДЖ мамандығы бойынша жұмыс істейтін 4 оқытушының (23,5%) ғылыми дәрежесі бар. ИДЖ мамандығы бойынша 45 жасқа дейінгі ИПҚ үлесі 79,3% (23 адам), 60 жастан жоғары – 3 % (1 адам); колледжде 5 жылға дейін жұмыс істеген – 65,5% (19 адам); 10 жылдан аса – 17,2% (5 адам). ИДЖ–2015 мамандығы бойынша жұмыс істейтін инженер-педагог қызметкерлердің саны жоба басталғандағымен салыстырғанда 3 адамға азайды.

      «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК басшылығы кадрлық әлеуетке ерекше талаптар қояды. Колледжде білікті педагог қызметкерлерді шоғырландыру студенттерді сапалы өзекті біліммен қамтамасыз етуге, білім нарығында колледж позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан оқытушы кадрлардың сандық және сапалық құрамын сараптау және оны жақсарту бойынша жұмыстар колледж басшылығының тұрақты назарында. Педагог кадрларды іріктеу мен орналастыру педагогикалық білік пен кәсіби тәжірибені ескере отырып жасалады. Барлық оқытушылардың пән бейініне сәйкес базалық білімі бар, және жүйелі түрде өз кәсіби деңгейін көтеріп отырады.

      «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК оқытушылардың жұмыс сапасын бағалайтын критерийлер әзірленген, олардың негізіне келесі принциптер енгізілген: максималды объективтілік, жыл барысындағы оның еңбегін жалпы бағалу және оқытушы арқарған жұмысты сандық бағалау сияқты қызметтің барлық түрін қамту. Оқытушылардың біліктілігін көтеру үшін келесі негізгі әдістер пайдаланылады: өзіндік даярлық (ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу және т.б.); колледже жоспарланған әс-шараларға белсене қатысу (мысалы,тренингтерге, «Үздік оқытушы» (СП 20 СМЖ. АМЭжЭТК), «Жас маман» (СП 21 СМЖ. АМЭжЭТК), «Ең үздік сынып жетекшісі» (СП 23 СМЖ. АМЭжЭТК) және т.б. конкурстарға); біліктілікті көтеру курстарынан өту; өтіл; тәлімгерлік; жас оқытушы мектебі; оқу-әдістемелік семинарларға және тәжірибемен алмасу бойынша конференцияларға қатысу.

        Колледж әкімшілігі өз қызметкерлерін басқа мекемелерге біліктілік көтеру курстарына жіберу туралы шешім қабылдады: біліктілік көтеру институттары, сәйкесті оқу орталықтары, колледж құзыреттілігі, сапаны басқару мәселелері бойынша шетелдік ұйымдар және т.б. Қызметкерлерді оқуға жіберу, ресімдеу және төлеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

       Оқытушылардың біліктілігін көтеру халықаралық жобаларға, республикалық және халықаралық конференцияларға, колледжде және колледжден тыс ғылыми-әдістемелік семинарларға және тренингтерге қатысу, жеке ғылыми жобалар, магистрлік диссертациялармен жұмыс, ашық сабақтарға және т.б. қатысу есебінен жүргізіледі. Кәсіби серіктестік саласын кеңейту, ғылыми, білім және мәдени байланысты дамыту, арнайы пән оқытушыларының біліктілігін көтеру мақсатында колледж шетелдік білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастықта.