Дуалдық оқыту жүйесі

     Бүгінгі таңда оқытудың дуалдық жүйесі – әлемдегі кәсіби-техникалық кадрларды даярлаудың ең нәтижелі түрі. Оның ерекшелігі – кәсіптік оқу көбіне оқу орнында емес, кәсіпорындарында жүргізіледі. Бұл жүйе өндірістік дамыған елдерде кең тараған және 60-тан астам мемлекеттің кадрлар дайындаудағы негізгі жүйесі болып табылады.

 

      Өзімізге қатысты, қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беруде дуалдықоқыту    жүйесінен жақсы оқу  түрі жоқ деп есептейміз. Әрине, кәсіптік оқудың бұл түріе біз 1:1 көшірме    жасай алмаймыз, оған объективті  себептер бар:бізде сәйкесінше әзірленген заңнамалық база  жоқ, бірақ жекелеген элементтерді біз енгізуге т  тырысудамыз. Халықаралық ынтымақтастық  тәжірибесі колледж әкімшілігі мен оқытушыларының  2011-2012  жылдардағы Алмания,  Сингапурға барған сапарымен байланысты. Жалпы, колледж бойынша колледждің 12  қызметкері оқудан өтті.

     

Білім берудің дуалдық оқу жүйесін енгізу бұл үдеріске қатысушылардың мүдделерін барынша келісіп, іске асыруға бағытталған әлеуметтік серіктестік арқылы жүзеге асыруға болады.Әлбетте, кәсіптік тәжірибенің реалды өндірістік жағдайларынан тыс заманауи маманды даярлау мүмкін емес. Тек жұмыс берушілермен бірге, өз мүмкіндіктерімізді біріктіру арқыры біз білім беруді жаңғырта аламыз.

     Оқу орны кадрлық қорды қалыптастыруға құштар, сәтті дамып келе жатқан кәсіпорындар және фирмалармен ұзақ уақытты серіктестікпен қамтылған. «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар   колледжімен», бірінші кезекте, Алматы қаласы мен Алматы облысының ірі әлеуметтік   серіктестері байланысады, мәселен, «АлматыЭнергоСервис» ЖШС , «АлЭС» АҚ, «Алматинские тепловые сети» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ , «Сайман» ЖШС, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ,  «АКО – Group» ЖШС. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы және Жеделдетілген индустриалды және инновациялық дамудың мемлекеттік  бағдарламасы негізінде жоғарыда аталған кәсіпорындармен ынтымақтастық пен әлеуметтік серіктестік туралы келісім (шарт) формасы әзірленген.

      Оқу орны мен әлеуметтік серіктестер білім алушылардың бірнеше біліктілік алуы үшін икемді модульді бағдарлама әзірлеуге бірлесіп қатысады.Білім беру стандарттарының жаңа буыны құзыретті тәсілдемеге негізделген. Оған сәйкес заманауи маман белгілі бір арнайы әлеуметтік және кәсіби сипаттама жиынтығын игеруі қажет, бұл оларға еңбек нарығы мен кәсіптік салады табыстылық, ұтқырлық, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

      Кадрларды сапасы дайындау мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында коледж, кәсіпрын және оұушының ата-анасы арасында 3 жақты келісім-шарт жасалады.

     Колледжді басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік серіктестер оқу орнының Қамқоршылар кеңесіне белсене қатысады.

    Ерекше тығыз қарым-қатынастар «АлматыЭнергоСервис» ЖШС (директоры Казеев Е.) және «АлЭС» АҚ (директоры Мухамед-Рахимов Н.Т.) орнаған. Аталған базаларда

090200 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша)

-  1014000 «Машина жасау технологиясы» (түрлері бойыншамамандықтары бойынша болашақ мамандарды дайындау өз негізінде дуалды оқыту жүйесін қамтыған деп сенімді айтуға болады. Білім алушылар тәжірибеге келе салысымен жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, тәжірибелі жұмысшы-тәлімгерлербекітіледі, цехтар мен бөлімдерге жіберіледі.  Білім алушының тәжірибеден өту орнына және кері қарай жүруін қамтамасыз ететін көлікті колледж береді,  «АлматыЭнергоСервис» ЖШС, өз кезегінде, арнайы киім мен түскі ас береді.Тәжірибе біте салысымен ұйым әр оқушыға мінездеме және ұсыным береді. Сондай-ақ кәсіпорын жетекшісі болашақ техникатарға жұмыс мамандығын беру біліктілік емтихандарына комиссия төрағасы ретінде қатысады. Жұмыс берушінің кәсіптік білім беруге мұндай қызығушылығы өз оң нәтижесін береді. 

       

        Практикалық білім базалары ретінде өз қызметін әлеуметтік серіктестік туралы шарттар арқылы жүзеге асыратын кәсіпорындар табылады, оларда:

  • жұмыс берушілер мамандарды даярлауға, оларды жұмысқа орналастыруға белсене қатысады;
  • оқушының практикалық білім алуының барлық түрлері үшін қажетті жағдай жасайды (оқу бөлмелері мен аумағының болуы);
  • колледждің жетекші мамандарын салалық пәндер мен кәсіби модульдерді жүргізуге тарту;
  • колледж оқытушыларының кәсіпорын базасында өтілден өтуі;
  • колледж оқытушылары базалық кәсіпорын мамандары үшін оқу семинарларын жүргізу.

      Серіктес кәсіпорын жетекшілері колледжбен байланысты әрі қарай кеңейтуге дайын, ол үшін олар арнайы өндірістік цехті оқу аудиториясы ретінде заманауи жабдықпен жсақатаған. Өз кезегіде, колледжде де заманауи жабдықтары мен техникалары бар оқу аудиториялары мен зертханалары бар.

       Осылайша, білім алудың дуалдықоқыту жүйесі – мақсатты кәсіби даярлаудың инновациялық түрі, ол мамандарды даярлау бойынша оқу және өндірістік салалардың келісілген әрекеттестігін қамтиды.

      Дуалдық оқытуды енгізу нәтижесінде колледж аймақтағы нарық қажеттілігіне байланысты бағдарламаларды әзірлейді, бұл оқу орнында мамандарды дайындау сапасын жоғарылатып, колледждің бәсекегеқабілеттілігін арттырады.