Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы

Директор

 

       1983 жылы Семей педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетін аяқтаған. Еңбек жолын Аягөз қ. №5 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде бастап, 1989-1996 жж. аралығында Алматы машинақұрылыс техникумында оқытушы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1996-2007 жж. Алматы политехникалық колледжінде бөлім меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған Т.М. Тайтулеев 2007 жылдың маусымынан бастап Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры лауазымында.

      2010 жылдың 11-22 қаңтары аралығында қазақтсандық делегация құрамында InWENT қоғамының шақыруымен Алманияда «Кәсіптік оқу орнының менеджменті және басқару» тақырыбында семинарға қатысты. Онда оқытушылардың біліктілігін көтеру, еңбек нарығына бейімделген кәсіптік білімдегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша мақсаттарға жету мәселелері талқыланды. 2012 жылдың тамызында қала Әкімінің қатысуымен тамыз конференциясында баяндама жасады.

    2012 жылы ҚР БҒМ және Сингапур Республикасы арасындағы өзара түсіністік Меморандумы аясында «Кәсіпқор» холдингі мен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі арасында серіктестік туралы келісім жасалды. Аталған келісімге сәйкес 18 - 29.06.2012 ж. аралығында Т.Тайтулеев Сингапур Республикасында біліктілігін көтерді. Республикалық және халықаралық конференцияларда тұрақты баяндамалар жасайды.

   Техникалық және кәсіптік білім саласында мамандар даярлауға қосқан үлесі үшін   ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қ. Әкімінің мадақтамаларымен марапатталған. Білімдік қызметінен бөлек, қоғамдық-саяси жұмысты да атқарады: «НұрОтан» ХДП Әуезов АФ Саяси Кеңес бюросының мүшесі, партиялық бақылау постының жетекшісі. Елбасы мен «НұрОтан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н. Нигматуллиннен алғыс алған.

    Еңбектегі жетістіктері үшін Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1998ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2011ж.) атақтарын алып, «ҚР тәуелсіздігіне ХХ жыл» мерейтойлық медалі мен «Ерен еңбегі үшін» медалін (2012ж.) алған.