Тогайбаева Назира Куандыковна

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

 

    22.08.1969 жылы дүниеге келді.

     Білімі жоғары – 1992 жылы Жамбыл педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдап, қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі біліктілігін алған. Қазақ, орыс тілдерін жетік, ағылшын тілін сөздікпен меңгерген.

     1992 - 2009 жылдары Тараз қ. №49 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары жаз мезгілінде «Тау самалы» демалыс және денсаулық лагерінің директоры лауазымында еңбек етті.

     2009 жылы «Орыс тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі» қалалық конкурсының Гран-При иегері (Тараз қ.)

    2009-2015 ж.ж. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің әдіскері.Осы қызметте жүріп Назира Қуандыққызы колледждің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырды. Оқытушыларға авторлық бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетті. Семинарлар, конференциялар, кәсіби шеберлік конкурстарын дайындау мен өткізуге қатысты.

     Сондай-ақ, Назира Қуандыққызы жоғары санатты орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы, орыс тілді мектептер үшін орыс тілі бойынша электронды оқулықтың авторы (2014 ж.).

      2012 жылы «Қаланың үздік әдіскері» қалалық конкурсында жүлделі 2-орынға, 2014 жылы «Өрлеу» АҚ ұйымдастырған «Жылдың үздік әдіскері» республикалық конкурсының қалалық деңгейінде 2-орынға ие болды.

     Студенттерде жоғары адамгершілік негіздерін, ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысу сияқты тәрбие жұмыстарын жүргізеді.  Білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста.Осылай, ЭБУ-31 тобы 2014 жылы «Мерейтой жылының үздік тобы» конкусында Гран-при иегері болды.

   Байланыс нөмірі: +7 727 385-53-42