Магазов Ербол Джаруллаевич

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

         1999 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін инженер-электрик мамандығы бойынша аяқтаған.Еңбек өтілін 1993 жылы Алматы кинотехникумының электротехника зертханасында педагогикалық жүктемелі лаборант қызметінен бастаған.

        1996 жылдан 2008 жылға дейін политехникалық колледжде бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында.

          Жоғары санатты жоғары деңгейлі біліктілікті электрэнергетика пәндерінің оқытушысы. 2011 жылы СМЖ сапа бойынша басшылықтың өкілі болып тағайындалған, «Менеджмент жүйесі ішкі аудиторларының біліктілігін көтеру. МС ISO9001:2008, ИСО 14001:2004, ИСО 31000:2009 және ОНSAS 18001:2007 талаптары» семинарына қатысқан.

         2012 жылы «Кәсіпқор» Холдингі мен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі арасындағы серіктестік аясында Сингапур Республикасында, 2013 жылы дуалдық оқу бойынша Алманияда біліктілігін көтерген.

          2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  (ҚР БҒМ), Түркия Қоғамдасу және Үйлестіру бойынша агенттігі (TIKA) және Халықаралық Қоғамдасу бойынша Жапониялық агенттік (JIKA) «Өндірістік автоматтандыру технологиясы» бағдарламасы бойынша ТжКБ оқытушыларын даярлау бойынша серіктестік туралы шешімге келді. Осы келісім негізінде Е.Д. Магазов екі жыл бойы Түркия Республикасы Измир қаласында білім алды.

         Магазов Е.Д. «Электротехниканың теориялық негіздері» оқулығының бірлескен авторы, сондай-ақ дуалдық оқу жүйесі бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуші автор болып табылады.

         ТжКБ саласында мамандарды даярлауға қосқан қомақты үлесі үшін ҚР БҒМ, Медеу ауданының, «Нұр Отан» ХДП құрмет грамоталарымен марапатталған. Еңбектегі жетістіктері үшін Алматы кинотехникумының 70-жылдық мерейтойы медалімен марапатталған.

Байланыс нөмірі: +7 727 309-26-27