Ахметказина Айгуль Ордашовна

Директордың оқу-әдістемелік бөлім жөніндегі орынбасары

 

         1999 жылы Семей Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Өз еңбек жолын Аягөз қ. №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, 2000-2002 жылдары №16 орта мектебінде, 2002-2007 жылдары №82 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 2007 жылдың маусымынан 2010 жылға дейін Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің әдіскері, 2010 жылдан бері аталған оқу орны директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары.

     Ахметказина А.О. ҚР ТжКБ оқу орындарына «Орыс тілі» пәні бойынша Үлгілік бағдарлама авторы, «ТжКБ оқу орындарында күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын құру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» (Алматы, 2013ж.) әдістемелік құралының, «ТжКБ саласындағы әдістемелік қызмет» (Алматы, 2014ж.) әдістемелік құралының  бірлескен авторы.

     Қалалық және республикалық семинарларға жыл сайын қатысады.        

    «Орта Азияда өмір бойы білім алу үшін кәсіптік оқу орындарын дамыту» ЕБҚ жобасының қатысушысы. 2013 жылдың 16 қыркүйегінен 22 қарашасына дейін қазақстандық делегация құрамында Финляндияда ТжКБ жүйесі үшін менеджерлердің біліктілігін көтеру бағдарламасына қатысты.

    Техникалық және кәсіптік білім саласында мамандарды даярлаудағы үлесі үшін Алматы қ. Білім басқармасының. Алматы қ. Колледждер қауымдастығының, «Өрлеу» ҰБКО» АҚ, ҚР БҒМ мақтау қағаздарымен марапатталған.

Байланыс нөмірі: +7 727 309-26-24