Saturday, 25 November 2017 08:06

23.11.2017 күні РР-20 және РР-30 топтарымен топ жетекшісі Е.Чингаева «Рухан жаңғыру – болашаққа бағдар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Білімалушылардың  бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Аталынған іс шара дөңгелек үстел түрінде өтті. Білімалушылар елбасының «Рухан жаңғыру – болашаққа бағдар» атты мақаласымен танысып, өз ойларымен бөлісті. Елбасының соңғы жолдауын тамашалап талқыға салды. Сонымен қатар елімізде болып жатқан соңғы  жаңалықтармен де бөлісе кетті. Дөңгелек үстелге « көліктік радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану» бөлімінің арнайы пән оқытушылары, бөлім меңгерушісі А.Абдирова сондай-ақ басқа да пән оқытушылары да қатысты. Өткізілген тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, өте жоғары деңгейде бағаланды.