Tuesday, 21 November 2017 07:56

21.11.2017 күні арнай пән оқытушы Болат Зайра Әбдірәсілқызы РЭС-10 тобымен « Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты:  Білімалушылардың  сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру.  Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
 Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.  Өткізілген іс шараға бөлімнің арнайы пән оқытушылары және де колледж мейірбекесі Н.Нұркенова қатысты. Білімалушылар туберкулез ауруы, оның алдын алу жолдары туралы мәлімет беріп қысқаша көрініс көрсетті. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіп өз мақсатына жетті.