Thursday, 26 October 2017 03:30

Колледжде 26 қазан күні 2017-2018 оқу жылына арналған жайдарман ойындарының маусымашары және 1/8 финалдың бәсекесі ұйымдастырылды.

7 команда: «Болашақ электриктер», «Періштелер», «Гюзель апайдың балалары», «Принцесс», «ЭЭСНТЭУ», «Тез-тез», «Нағашылар» қатысты.

Маусымашар ойынымен бірге дәстүрге айналған «Директор кубогы» ойнатылды. Ойынның тақырыбы «Жас Отан» Жастар Қанатының «Жастар Отанға» жобасы аясында «Рухани жаңғыру» және Алматы қаласының 1001 жылдық мерекесіне арналды. Ойын қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Ескелді Айдос «Үздік ойыншы», ал «ЭЭСНТЭУ» жайдарман командасы Директор кубогының жеңімпазы атанды.