Friday, 22 September 2017 02:34

2017 жылы 22-ші қыркүйек күні колледжіміздің мәжіліс залында Тіл және әдебиет пән бірлестігінің айлығының ашылу салтанатына орай және Тілдер мерекесіне арналған " Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" атты іс-шара өтті.

Іс-шара ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары Кусаинова З.К. мен Рахимова К.Н-ның ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік іс-шараға қатысқан студенттер өз өнерлерін көрсетіп көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.