Friday, 02 June 2017 12:25

02.06.2017ж колледжімізде «Ұстаздан шәкірт озар» тақырыбында семинар өтті.

Тақырыбы: «Ұстаздан   шәкірт   озар» 

Өмір    табиғатпен   үндеседі    деген    шын   болса керек.  Ұстаз    бен    шәкірттің    арсы    бір-бірімен   тығыз    байланыста   болады.    Жас     шыбықты, үрімдей      жеміс    ағашын     жерге    егіп,   күнара суарып,    баптап,  өсірсең    жеміс   беріп,   үлкейіп    өседі.   Шәкіртінің      ұстаздан    озып,    оның     жемісін    көру    ұстаз   үшін    үлкен      қуаныш  пен     мәртебе.   Дүниенің     кезек  екенін бәріміз        жақсы   білеміз.     Ұстазынан      озған шәкірті     бұл      ұстаздың      берген     білімінің жемісі.  Ұстаз    киелі    мамандық.   «Ұстаздық  еткен  жалықпас, үйретуден  балаға»  деп      Абай  атамыз    айтқандай     ұстаз   қауымын    құрмет    тұту     біздің     парызымыз    деп    түсінемін. 

 Ұстаз- мектептің  жүрегі

     Менің   түсінігімдегі   ұстаз – рухы   таза,   ой-өрісі   биік,   ұлты   мен Отанының    болашағы    үшін    тер    төгіп,   шыдамдылық    пен   та­бандылықтың     үлгісін     көрсетуші,     өз    бойындағы    асыл   қасиеттері мен   білімін     болашақ   ұрпақтың    бақыты    мен    кәдесіне    жаратып, қоғамды     өрге    өркендетуші,     жа­ңа­шылдықтың    бастаушысы,    жү­ре­гі – жылы,    көңілі – дарқан    адам.    Осыншама    оқу    жылымда    қаншама ұстаздармен      кездесіп,     солардан    білім    алып, солардың    қолында әлі    күнге    дейін    оқып     келемін.    Әр    оқушыға     өз    ұстазы   артық. Әр    оқушының    өзінің көңіліне     жақын    тартатын    өз   ұстазы     болады.   Әр     ұстаздарға    қарап    отырсақ, әрқайсысының     оқыту     стратегиясы    әр    түрлі.    Ұстаз    білгенін  үйрету     ғана    емес,    сонымен    қатар,  тұла    бойы    тұнған    өнеге,   ақ тілеулі    ана    тәрізді    барлық   адам­ның    бойынан    жақсылық   іздейтін ізгі    ниет    иесі.    Шәкірті    өзінен    оз­ған    ұстаз – еңбегі    ақталған   ұстаз.    Өйткені,   өмірдің   заңы   даму,    ілгерілеу,    озу.  Өзінен   озған шәкірт    тәрбиелейтін   шебер    ұстаз   үз­дік­сіз   ізденісте    болып,  қоғам сұ­ра­нысына     сай     білімді,   шығарма­шыл,   өзін-өзі    дамытып,   жетілдіре алатын    болуы    қажет    деп   ой­лай­мын. 

 Білім сапасы- мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.

Қазақтың XX ғасырдың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі –тек білім беруші мұғалім ғана емес,….баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» -деген еді.

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек. Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалімі кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орнын аңғару қиын емес.

 

Қорытынды:

Бақытым самғасам да, көгімде ұшар,

Колледжім жүрегімнің төріндесің,

Өзіннен бастау алған бала сезім.

Білемін еш уақытта жеңілмесін.

Ұстаздарыма мың алғыс,

Өткеннің кім жете алар бағасына.

Кешегі арман қуған күн алыста,

Кеттің-ау сағым жылдар арасында.