Wednesday, 17 May 2017 11:15

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде 16 мамыр күні «Діни экстремизмнің тамыры» тақырыбында колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы Сейсекенова Серікқайша Рахметоллақызының ұйымдастыруымен...

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде 16 мамыр күні «Діни экстремизмнің тамыры» тақырыбында колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы Сейсекенова Серікқайша Рахметоллақызының ұйымдастыруымен Алматы қалалық діни сараптама зерттеу орталығының маманы Тұрсын Танатарұлы Құдайқұловпен кездесу өтті. Тұрсын Танатарұлы Құдайқұлов колледж студенттеріне Қазақстандағы дін саласындағы экстремистік бағыттары жөнінде мағлұмат берді. Студенттерге мұсылман дініне жат түрлі теріс ағымдар жөнінде бейне таспадан үзінділер келтіріп діндегі экстремисті топтардың ақ-қарасын ажыратып көрсетті. Бұл кездесуден студенттер діни тұрғыдағы өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып оған толық қанағаттанарлық жауап алды.